Фоторепортаж

Бәріңе салем құрметті оқырмандар. Мен бүгінгі блогымды ең жақын достарымның бірі Жанғали Бекетке арнадым. Бізге кез келген тақырыпқа фоторепортаж жасауға тапсырма берілді. Мен досыма жасаймын деп шештім.

Универдегі бос уақытымның көп бөлігі Бекетпен өтеді. Күнде әңгіме айтып, сырласып жүрген сенімді досым.

Бекет спортпен айналысады, мінезі ашық, өзгелерге қолын ұшын созуға әрқашан дайын адам.

Біз Бекет екеуміз 1 курста, оқу күнінің алғашқы күнінде танысқан болатынбыз. Бір қызығы біз әрқашан тапсырманы бірге орындаймыз. Ағай немесе апайлар топқа бөлсе, Бекет екеуміз бір топқа түсеміз. Ал өзіміз бөлінетін болсақ, екеуміз сөзсіз бір топта боламыз. Тіпті Асхат ағайдың сабағында менің қағазым Бекетке түсті, яғни, жұлдыз таңдаған кезімізде. Бірге тапсырма орындау біздің достығымызды нығайта түсті. Бекет екеуміздің жақын дос болуымыз маңдайымызға жазылған шығар бәлкім.

Блог жазып жүріп, досым туралы жазбағаным біртүрлі көрінді. Сондықтан да бүгін досым жайлы жазғым келді.

Жұлдызымның оқиғасы

Бәріңе салем құрметті оқырмандар!

Бүгінгі блогымды менің жұлдызым Омар Заңғарға арнаймын.

Менің жұлдызым – Омар Заңғар. Қазіргі таңда СДУ журналистика мектебінде білім алып жатыр 2 курс студентті. Жұлдызыммен сұхбаттасу, жеке өмірі жайлы ақпарат білу оңайға түскен жоқ. Өкінішке орай жұлдызым жұмысты басты адам екен, бос уақыты жоқ. 2 күн жүріп, әрең дегенде сұхбат алдым.

Университетте күнделікті біз көріп, біліп жүрген Омар Заңғардың осыған дейінгі өмірі қандай болды?

Жұлдызымның айтуынша ол мектепте әрі оқымысты, әрі бұзық болған. Ауданның балаларымен, яғни, көшенің балаларымен көп жүрген. Бұзық болған, төбелеске барған, біреулерден таяқ жеп, біреулерге таяқ жегізген. Бірақ қазіргі Заңғар мүлдем басқа, басқалармен шаруасы жоқ, білімге жаны құштар азамат. Берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарайды.

Омар Заңғар 10 сыныпқа дейін физ-мат таңдап келген. Болашақта инженер маманы боламын деген ойы болған.

Оның журналистика бағытын таңдауына не себеп болды?

Заңғар «Городские легенды» деген сериал көрген, бұл сериалдың әр сериясында бір адамның өмірін көрсететін болған. Бір күні бір журналисттің өмірін көреді. Сол серияны көрген Заңғар мен журналист боламын деп шешім қабылдайды. Заңғардың атасы журналист болған екен. Заңғардың журналистикаға қызығушылығы ерекше. Әрқашан ізденіп, жаңа ақпарат біліп жүреді.

Менің жұлдызым ерекшелікті жақсы көреді. Заңғар өз ортасында өзгелерге ұқсамайтын, ерекше адам болғысы келеді. Заңғардың әдемі, қарапайым көрінетін ерекше сағаты бар. 7 сыныпта сағат тағуға қызыға бастайды, бірақ достарының сағатына ұқсамайтын ерекше сағат алады. Заңғардың журналистикаға түскеннен бастап тағып жүрген сағаты бар. Ол сағаттың тағатыны ремень емес кәдімгі мата, түрлі түсті мата. Ол сағаттың бренді «Daniel Wellington». Заңғар басқалар сияқты болғысы келмейді, себебі солар сияқты болып қаламын деп ойлайды.

Заңғар өз ортасына білімді, ақылды, төбелеспен шаруасы жоқ, нағыз болашақ журналист ретінде көрінеді.

Таксимен оқиға

Таксистпен оқиға – бұл қызықты тапсырмалардың бірі болды. Мен үшін таксистпен оқиға жазу оңайға түскен жоқ. Жалпы мен күнде оқудан таксимен қайтамын. Бірақ, құлағыма наушникті салып алатынмын, таксисттермен әңгіме айтпаушы едім. Осы тапсырманы орындау барысында әр түрлі таксисттерге жолықтым. Тапсырма бойынша мен бір деталь тауып, сол туралы ақпарат жинауым керек еді. Қызығушылық танытып сұрасам айтады, бірақ қазбалай бастасам айтқысы келмей қалады. Тіпті «не шаруаң бар»,- деп айтқандар да болды. Әрине қазбалап сұрай берсең, кімнің айтқысы келер дисің? Мысалы үшін менде айтпайтын едім, егер қазбалап сұрай берсе. Бірақ менің қуанышыма орай бір таксист ашық әңгіме айтып, менің сұрағымның бәріңе толық жауап берді.

Қазан айының 18 күні, университетте «welcome party» болды. Мен саған қатысып, сағат түнгі 10-нан өте, университеттің алдына шығып такси ұстап тұрған едім. Бір жас жігіт тоқтаты. Таксиде екеумізден басқа адам болмаған еді. Әңгімені мен емес ол бастады. «Осы универде оқисың ба бауырым?» деп сұрады. Өзі 22 – 23 жастар шамасындағы жас жігіт екен. Әңгімеміз сабақ жайлы басталды. Мен таксиге отырған бойдан деталь іздей бастадым. Ерекше ешқандай зат таба алмадым. Қолындағы қол сағатына көзім түсті. Қалайда сағат туралы әңгіме бастау керек болды.

Ойлана келе: сағатың әдемі екен бауырым дедім.

Ол рахмет, бұл мен үшін қымбат сағат, әрқашан тағып жүремін деді. Әңгімеміз жараса кетті.

Ол сағатты оған жақсы көретін қызы сыйлаған екен. Екеуінің кездесіп жүргеніне 1 жыл болғанда, берген сыйлығы екен. Ол қызды қатты жақсы көргендіктен ол сағат, ол үшін ерекше сыйлық. Сағаттың бренді «Rolex». Бұл сыйлықты 2019 жылы тамыздың 15 күні алған екен. Яғни, сағатты тағып жүргеніне 2 ай уақыт болыпты. Таксист жігіт өзінің сүйген қызына үйленбек ойы бар.

Біздің әңгімеміз мұнымен аяқталмады, әрі қарай басқа тақырыпта әңгіме болды. Ол негізі таксист емес , Үшқоңыр ауылындағы досына бара жатыр екен. Жол жөнекей мені ала кетейін деп тоқтаған екен маған.

Блог және Мен

Бәріңе сәлем!

Бүгінгі тақырып менің жеке блогым туралы болады.

Мен wordpress-ті 2019 жылдың басында біле бастадым. Блогты ашуыма себепкер болған жаңа медиаға кіріспе сабағы болатын. Осы уақытқа дейін wordpress жайлы мүлдем білмейтін едім. Маған wordpress-пен жұмыс жасауды Ясемин апай үйреткен еді. Мен бұл блогты ашқым келіп немесе қызыққаннан ашқан жоқпын. Сабақ орындауым үшін керек болғандықтан ашқым.

Мен блогты спорт жайлы жүргіземін деп шештім. Осылайша, 2019 жылдың 23 қаңтарында алғашқы блогымды жазып шығардым. Әрине менің алғашқы мақалам, менің сүйікті клубым Барселона футбол клубы жайлы болды.

Мен блог жүргізіп, аудиториямен жұмыс жасауға аса қызыға бермейтін адаммын. Маған спортпен айналысу ұнайды. Сондықтанда блог спорт жайлы болды.

Менде блог жүргізуге мүлдем қызығушылық болмаған еді, бастапқы кезде. Не үшін блог жүргіземін? Менің жазғанымды кім оқиды? Деген сұрақтар туындады. Уақыт өте келе өз группаластарым менің парақшама жазылды, оқымасада оқырмандарым бар ғой, тым болмаса Ясемин апай оқиды ғой деп, мән беріп ізденіп, ерекше етіп жаза бастадым.

Менде мынандай бір ой болды: мен болашақ журналистпін ғой, осы бастан мақала жазуды қолға алмасам, оқу бітіргенде өзіме қиын болады ғой деп ойлана келе. Тез-тез мақала жазып, оқырман жинап, қызықты блог жүргіземін деп шештім. Бірақ, бұл ойым өз жөнімен қалды. Жаңа медиа сабағы қалай бітті, wordpress солай өз жөнімен қала берді. Міне, 2 курста wordpress-ті қайта қолға алдым.

Иә, қазіргі таңда оқырмандарымның саны санаулы ғана, бірақ болашақ үлкен аудиториям болады деп сенемін. Сол үшін жұмыс жасаймын. Оның үстіне маған мақала жазу, сұхбат жүргізу ұнай бастады. Мен журналистикаға түскен кезімде, теледидарда немесе радиода жұмыс жасау ұнайтын еді. Бірақ мақала жазу, жаңалық талдау деген маған мүлдем жат нәрсе еді. Бірақ, нағыз журналистке тән қасиет, ол мақала жазу, жаңалық талдау екенін түсіндім. Менің блогты жүргізуден алған пайдам, ол мақала жазу.

Informatrix Asia 2019 – SDU

СДУ-да «Informatrix Asia 2019» байқауы өтті. Бұл байқауда әлемнің оннан астам елінен жиналған жас өнертапқыштар өз жобаларын ұсынды. Әр түрлі салада көмек көрсететін жаңа құрылғылар ойлап тапқан. Байқауға әр қатысушы үлкен дайындықпен келген. Мен солардың бірі «Арыстан» лицейінің 3-ші курс оқушысы Есенов Хабдула есімді қатысушыдан сұхбат алдым:

«Менің есімім Есенов Хабдула, «Арыстан» лицейінің 3-ші курс оқушысымын. Жалпы робот туралы айтатын болсақ: Менің роботым, қауіпті жарылғыш заттармен жұмыс істеуге арналған. Яғни, оны қашықтықтан басқару арқылы минадан арылуға болады. Роботтың арқасында яғни, біз роботты адаммен алмастырып, қауіптің алдын алып, адам өмірін сақтаймыз. Біздің ең басты мақсатымыз адам өмірін сақтау. Қазіргі кезде көп тауарлар роботпен алмастырылады, соны неге әскери тәжірібиеде қолданбасқа? Яғни, бұл отандық қолжетімді зат.

Біздің армия үшін, әсіресе әскери қызметкерлер үшін өте маңызды. Роботтың көмегімен әскери қызметкер қашықтықта минамен жұмыс жасайды, оның өміріне қауіп төнбейді. Ол минамен жұмыс жасау барысында оны істен шығарады. Егер оны істен сәтті шығара алса онда бұл өте жақсы, ал қолдан келмесе робот адамдармен бірге, адамдарды минадан тазартуға көмек көрсете алады.

Дастанбек: Сонда бұл роботты студентер өз қолымен жасаған ба?

Хабдула: Бұл роботты мен өзім жасадым, жалғыз. Және оған менің 2 жыл уақытым кетті. Жалпы бұл роботтың құны 120 мың теңге.

Дастанбек: Қазірге сатып алғандар бар ма? Әлде енді шығып жатырма?

Хабдула: Жоқ, қазіргі кезде көптеген басқа елдерде, армияларында осындай робот сапёр жұмыс жасайды. Және басқа елдерде бұл робот бұрыннан іске қосылып жұмыс жасап келе жатыр. Менің роботымның ерекшелігі ол Қазақстанда жасалған, және де ол өте қолжетімді отандық тауар болып табылады. Өзімізде бұл тауарларды қол жетімді бағада жасап шығара алсақ. Не үшін біз басқа елдерден оны өте қымбат бағада сатып аламыз.»

СДУ-дағы студенттер көп уақыттарын өткізетін жер

Бәріңе салем достар. Бүгін сіздерді өз университетім СДУ-дың бір жерімен таныстыратын боламын. Ол жер – үлкен лекция залының үсті.

Бізде 4 үлкен лекция залы бар, бұл соның біреуі. 1 және 2 қабатында сабақ болады. Ал 3 қабаты студенттердің демалып отыруына сабақ дайындауына арналған.

Бұл жерде студенттер көп уақытын өткізеді. Әңгімелесуге де, сабақ қарауға да ыңғайлы жер.

Мен жарты сағат уақытымды осы жерде өткізіп, бұл жердегі өзгерістерге назар аудардым. Таңертең барсам бір студент отыр екен.

Осы студентпен танысып, достасып алдым. Әдетте бұл жерде студенттер көп болушы еді. Бұл жолы аз болды. Артынша тағы бір студент қыз келді.

Мен бұл жерде 30 минут болдым. Ал әлгі келген бойжеткен аз уақыт отырып кетіп қалды.

Таңертең бұл жер тып – тыныш болады екен. Тыныш болғаны жақсы екен. Сабаққа дайындалып отырғанда ешкім кедергі жасамайды.

30 минут ішінде бұл жерде ешкім қалмады. Студенттерге толып тұратын орын, осылайша қаңырып бос қалды. Себебі мен бұл фотоларды таңертең түсірген едім. Ал таңертең бұл жерде адам аз болады.

СОТ ПЕН БАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдарын халық пен билік арасындағы көпір деп түсінеміз. Бүгінгі таңда БАҚ пен сот арасынлағы қарым-қатынас өте жақсы. Бірақ, сонда түсініспеушіліктер болып жатады.

Мен КЕЙС-ке azattyq.org сайтының жаңалығын алдым. Бұл жердегі басты мәселе: Алматы прокуратурасының Ratel.kz сайты мен бас редакторы Марат Әсіповке қарсы азаматтық шағымы. Бұл сот 2018 жылдың 10 мамырында өткен болатын.
Алматының Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Бейсенова 28 мамыр күні қалалық прокуратураның Ratel.kz интернет-порталының бас редакторы Марат Әсіповке қарсы шағымын қанағаттандырған. Прокуратура шағымында «Ratel.kz сараптамалық интернет-порталының» қызметін тоқтатуды, оны тіркеуді жоюды және Ratel.kz пен Balborsyk.kz домендерін пайдалануына бір жылға тыйым салуды сұраған.
Сот шешімімен Марат Әсіповтің БАҚ-та және Ratel.kz, Balborsyk.kz, wildratel.com, itau.kz және басқа да домендік атауларда «Ratel.kz» интернет-порталы атынан ақпараттық материалдар жариялап, таратуына да тыйым салынды.
Марат Әсіпов, яғни, Ratel.kz сайтының бас редокторы бұл сот шешіміне байланысты кейбір мемлекеттік шенеуніктер интернет-портал мен өзін әлдебір адамдардың мүддесі үшін жүйелі түрде қуғынға ұшыратып отыр деп долбарлайды. Ол сот шешіміне апелляциялық шағым түсіретінін айтады.
Бұл БАҚ-тың журналистері қазір «көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбымен қылмыстық жауапқа тартылған. Алматы полициясы бұрынғы қаржы министрі Зейнолла Кәкімжановтың арызы бойынша оларға қарсы іс қозғаған.

Зейнолла Кәкімжановтың арызы бойынша тінтінге ұшырап, артынша босатылған болатын.

(2018 жылдың 2 сәуірінде болған)
Ratel.kz сайтының бас редакторы Марат Әсіпов, бас редактордың орынбасары Сапа Мекебаев және журналист Анна Калашникова дүйсенбі күні кешке ішкі істер департаментіндегі тергеуден шықты», деп хабарлады Ratel.kz журналисі Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында. Оның алдында Forbes Kazakhstan журналы бас редакторының орынбасары Александр Воротилов босатылған.
Журналистерді редакциядағы тінтуден соң ұстаған еді. Алматы полициясы бұл әрекетін екі ақпарат құралының үстінен «көпе-көрінеу жалған мәлімет тарату» фактісі бойынша арыз түскенімен байланыстырды. БАҚ қызметкерлері арыз берушіні бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжанов дейді. Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 миллион теңге өндіру туралы шағымын сот қанағаттандырған. Кәкімжановтың «сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын» әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.

Қанат Ислам

Бүгін кәсіпқой бокс шебері – Қанат Ислам жайлы жазамын. «Қазақ» деген лақап атпен шығып, көк туымызды көк аспанға желбіретіп жүрген Қанат Ислам нағыз қазақтың батыры.

Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты – қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп «Астана Арландары» кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен.Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.
Қанат 2012 жылы Апландар сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. 15 жекпе-жекте түгелдей аяқтап жеңіске жетті: Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген.

2017 жылы Алматыда өткен салтанатты кеште Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» жобасында «Алтын Адам» сыйлығының лауреаты атанып, «Жыл спортшысы» атағы берілді.
«Мен үшін ең бастысы – елімнің тәуелсіздігі. Біздің ел өзінің тәуелсіздігімен көпшілікке кеңінен танылды. Шаршы алаңда, туымды көтеріп, бүкіл әлемнің алдында әнұранымды айтқаннан асқан бақыт жоқ менің үшін», – дейді Ислам.
2017 жылы Қанат Ислам үш кездесу өткізді. Тарқатып айтсақ, 17 ақпан күні АҚШ-та бразилиялық Робсон Ассиспен (16-5, тоғыз КО) кездесіп, бірінші раундта жеңіске жетті. 26 мамыр күні тағы да АҚШ-та отандасымыз төрешілердің шешімі бойынша мексикалық Норберто Гонсалестен (23-10, 13 КО) айласын асырса, 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, жеңіс тойын тойлады.

Сағат

Мен бүгін сағат жайлы жазғым келіп отыр. Себебі сағат дегенде бірден есімізге уақыт түседі. Және барлық адам «уақытым жоқ» деген сөзді көп айтады. Әр адамда күніне 24 сағат уақыт бар, сол себепті уақыт жоқ деп айтпау керек. Уақытымды тиімді пайдалана алмай жатырмын дегені әлде қайда дұрыс секілді. Егер адам барлығын уақытпен жоспарлап жұмыс жасайтын болса, бәріне де үлгереді. Ол үшін әрине сағат керек. Қол сағаттың болғаны тіптен жақсы.

Уақытты жүйелі реттеу үшін адамзат сағатты ойлап тапты.Алғаш рет әлем бойынша уақытты бір жүйеге келтіріп, сағат бойынша жүруге дағдыланған бұл ежелгі Египет еді. Олар Күннің жүру қозғалысы бойынша уақытты анықтайтын күн сағатты шығарды. Бұл біздің заманымызға дейінгі 1500 жылдар. Сол уақыттан бері сағаттың айналу бағыты өзгермеді: солдан оңға қарай.

Мен екі досымнан сағат жайлы сұхбат алған едім. Олардың да ойымен бөліскім келіп отыр.

Қазбеков Қайыржан Ауелбекұлы:
Мен сағатты күнделікті тағамын. Себебі әр дайым уақытты біліп отыру үшін! Әр киіммен әр түрлі сағат кигенді жөн санаймын. Сағаттың үлгілері өте көп. Сағат тек қана уақытты біліп жүру үшін ғана емес сонымен қатар ол киінген киіміне де сән береді! Әр адамның өз талғамы бар. Қазіргі кезде ақылды сағат дейді және т.б. өте көп шығып жатыр. Мен көбінесе классикалық сағат киемін. Себебін өздеріңізде білетін шығарсыздар деп ойлаймын. Сағат тек ер балаға ғана емес қыз балаларға да арналғандары да бар. Егер әрдайым әдемі көрінгіңіз келсе майда заттардан бастаған дұрыс.

Нурлыбек Алламуратов: Сағатқа деген қызығушылығым қалай оянды? Мен 15 жасымда кешке жаттығудан шықтым сол кезде ұялы телефоным өшіп қалған болатын, сағат қанша болғанын білмедім сосын ойыма қол сағаттын сатып алу керек екенін түсіндім. Қол сағатың болса уақытты үнемдеп пайдалы жұмысқа жұмсайсың. Содан кейін қол сағатты үнемі тағуға тырысамын, қол сағат тағатындар уақытты пайдалы жұмысқа жұмсайды деген түсінік пайда болды, осы уақытқа дейін ешкім қол сағат сыйлыққа бермеді себебі қол сағат ол өз талғамыңда болу керек, ал мен біреудің таңдағанын қаламаймын әркімнің өз таңдауы болуы керек деген ойдамын сізде өз қол сағатыңызды өзіңіз таңдаңыз. Қол сағат ер адамды тартымды көрсетеді, ер адамның өзінің жеке сағатты болу керек . Классикалық кастюм және сағат ол жігітті керемет көрсетеді.

Бокс тарихы

Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9×4,9 м немесе 6,1×6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.
Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi. Ал жақында археолог ғалым бiздiң жыл санауымыздан 3 мың жыл бұрын салынған шіркеудің қабырғаларынан бокс қолғабының суретiн де тауып отыр. Бiр қызығы, ол кезеңдерде кубок жеңiлген боксшыларға берiлген көрiнедi. Айталық, соғыс өнерi десе, сақалын кесуге бар Рим императоры Калигула сонау Африкадан қайратты құлдарды сатып әкелiп, көз алдында қоразша төбелестiредi екен. Императордың екi сүйiктi спортшысы болса керек. Бұл Глаукос пен Меланкомас аталатын алыптар дәл қазiргi бокста қолданылатын бiршама соққы түрлерiне негiз салып кеткен екен.
Бүгiнде әлем бойынша кәсiби боксқа аса көңiл бөлiнiп келедi. Кәсіби бокс алаңында Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Джордж Формен, ағайынды Спайкстер, Флой Патерсонның есiмдерi ерекше аталады. Олимпиада тарихында боксшылары ең көп алқа тағынған ел — АҚШ. Бiрақ бүгiнде кубалық спортшылар алғы шепте келедi. 1992 жылғы Барселонада өткен олимпиадада кубалық боксшылар 12 алтын алқаның жетеуiн қанжығаға байлап кеткен. Ал 1996 жылы Атланта Олипиадасында 4 алтын, 3 күміс медальды жеңiп алды. Олимпиада тарихында екi боксшы ғана 3 мәртеден жеңiмпаз атанған. Олар — венгриялық Л. Папп пен кубалық Т. Стивенсон.

Қазақстанда бокстың алғашқы мектебін 20 ғасырдың 30-жылдары Алматыда Шоқыр Бөлтекұлы ашты. Қазақстаннан Олимпия ойындарының, Дүние жүзі, Азия, Еуропа чемпионаттарының, Азия ойындарының 30-ға жуық чемпиондары мен жүлдегерлері шықты. Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпия чемпионы – Василий Жиров (Атланта, АҚШ, 1996), қазақ жігіттері арасынан шыққан дүние жүзінің алғашқы чемпионы – Болат Жұмаділов (Хьюстон, АҚШ, 1999), Олимпия чемпиондары – Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбыраймов (Сидней, Австралия, 2000), Бақтияр Артаев (Афина, Грекия, 2004), Бақыт Сарсекбаев (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары – Серік Қонақбаев (1979, 1981), Серік Нұрқазов(1983).https://kk.m.wikipedia.org/wiki/Бокс