
Бәріңе сәлем!
Бүгінгі тақырып менің жеке блогым туралы болады.
Мен wordpress-ті 2019 жылдың басында біле бастадым. Блогты ашуыма себепкер болған жаңа медиаға кіріспе сабағы болатын. Осы уақытқа дейін wordpress жайлы мүлдем білмейтін едім. Маған wordpress-пен жұмыс жасауды Ясемин апай үйреткен еді. Мен бұл блогты ашқым келіп немесе қызыққаннан ашқан жоқпын. Сабақ орындауым үшін керек болғандықтан ашқым.
Мен блогты спорт жайлы жүргіземін деп шештім. Осылайша, 2019 жылдың 23 қаңтарында алғашқы блогымды жазып шығардым. Әрине менің алғашқы мақалам, менің сүйікті клубым Барселона футбол клубы жайлы болды.
Мен блог жүргізіп, аудиториямен жұмыс жасауға аса қызыға бермейтін адаммын. Маған спортпен айналысу ұнайды. Сондықтанда блог спорт жайлы болды.
Менде блог жүргізуге мүлдем қызығушылық болмаған еді, бастапқы кезде. Не үшін блог жүргіземін? Менің жазғанымды кім оқиды? Деген сұрақтар туындады. Уақыт өте келе өз группаластарым менің парақшама жазылды, оқымасада оқырмандарым бар ғой, тым болмаса Ясемин апай оқиды ғой деп, мән беріп ізденіп, ерекше етіп жаза бастадым.
Менде мынандай бір ой болды: мен болашақ журналистпін ғой, осы бастан мақала жазуды қолға алмасам, оқу бітіргенде өзіме қиын болады ғой деп ойлана келе. Тез-тез мақала жазып, оқырман жинап, қызықты блог жүргіземін деп шештім. Бірақ, бұл ойым өз жөнімен қалды. Жаңа медиа сабағы қалай бітті, wordpress солай өз жөнімен қала берді. Міне, 2 курста wordpress-ті қайта қолға алдым.
Иә, қазіргі таңда оқырмандарымның саны санаулы ғана, бірақ болашақ үлкен аудиториям болады деп сенемін. Сол үшін жұмыс жасаймын. Оның үстіне маған мақала жазу, сұхбат жүргізу ұнай бастады. Мен журналистикаға түскен кезімде, теледидарда немесе радиода жұмыс жасау ұнайтын еді. Бірақ мақала жазу, жаңалық талдау деген маған мүлдем жат нәрсе еді. Бірақ, нағыз журналистке тән қасиет, ол мақала жазу, жаңалық талдау екенін түсіндім. Менің блогты жүргізуден алған пайдам, ол мақала жазу.