
Мен бүгінгі блогымды Орнашев Нурлан Дәуренұлына арнаймын деп шештім. Бұл блогта мен Дәуренұлв Нурланды толықтай зерттеп, айтатын боламын.Қателеспесем бұл кісі Орнашев Нурланның анасы. Орнашев Нурлан 1999 жылы қыркүйек айының 22 жұлдызында дүние есігін ашқан. Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған бекетінде туылған екен.Қазіргі таңда Сулейман Демирел университетінің, СДУ журналистика мектебінің бірінші курс студентті.

Мен Нурланның бұл суретін оның инстаграм парақшасынан алдым. Нурлан Дауренұлы Алматы қазақ түркі гуманиторлық технологиялық колледжінде оқыған екен. Және бұл суретке қарасам Нурлан колледжді қызыл дипломға бітірген сияқты, бұл қуантарлық жайт екен. Егер шынымен қызылға аяқтаған болса әрине.
Нурлан ірі денелі қазақтың менмін деген жігіттерінің бірі секілді. Ол СДУда журналистика мамандығында оқып қана қоймайм, еркін күреспен айналысады екен.

Мен Нурланның бұл суретін оның вк парақшасынан алдым. Бұл фотоға қарап отырып Нурланның дінге жақын екені, намаз оқитынын білуге болады. Нурлан көзі ояу, көкірегі ашық, нағыз патриот жігіт. Маған Нурланның бір қасиеті ұнады. Ол жан-жақтылығы. Өзі намаз оқиды, өзі еркін куреске қатысады, өзі білімге құштар жан. Бұл әр адам баласының бойынан табыла бермейтін асыл қасиеттер. Мен Нурланды зерттеу барысында оның wordpress – тегі сайттын тауып алдым. Сол жерде Нурлан былай жазыпты: «Менің өзімнің идеал қылуға тырысатын утопияларым бар. Ең біріншісі кітапты тез оқу. Мысалы Рузвельт, Ленин, Горький секілді» иа бұл қызығкшылығы өте жақсы екен. Міне Нурланды зерттей отырып оның кітапты тез оқуға деген қызығушылығын білдім. Ал бұл қызығушылығы Нурланның кітапты өте көп оқитынын білдіреді. Адам қаншалықты көп кітап оқыса, соншалықты білімді болады. Нурланның білім алуға деген құштарлығы керемет. Тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайм. Ал Нурланның екінші утопиясы жайлыда айтар болсам. Нурлан былай деп жазыпты: «Екінші утопиям миллиардер болу. Біздің қоғамда байларға қырың қарайтын қағидаттар қалыптасып қалған. Бірақ менің түсінігімде бай адам, қоғамға пайдалы адам.» Нурланның достарынан естіп білуімше, Нурлан журналтстика саласымен шектеліп қалғысы келмейді екен. Нурланның алдағы 1 жылға жоспары жеке бизнесін ашу екен. Және бизнес ашудағы басты мақсаты Шамалған бекетін көркейту, халқының көзін ашу. Шамалған бекетінде жоқ затты ашамын және халықты осыған үйретемін деп сенеді екен. Ендіше ісің өрге домаласын саған сәттілік тілеймін Нурлан! Нурлан өзінің басты арманын былай айтыпты: «Менің ең негізгі арманымның бөлшегі тарихта қалу. Тарихта көптеген тұлғалар әр түрлі атпен қалды. Бірақ мен адамдардың санасында басқаша атпен қалғым келеді.» Нурлан өзінің еңбекқорлығымен, өзінің ерекшелігімен тарихқа қалғысы келеді. Ал тарихқа қалу бұл меніңде арманым.
https://www.instagram.com/p/BrFjfQ4HgPd/?utm_source=ig_share_sheet&igshid=1oro7bv7zxvm1 бұл Нурланның инстаграм парақшасындағы соңғы басылымына сілтеме. Нурлан парасат майланының әрбір шығарылымын қалдырмай көретін сияқты. Парасат майданы менің болашаққа деген көзқарасымды 180 градусқа өзгертті деп. Осы сөзіне қарасам Нурлан тура бір саясаткер сияқты.

Бұл суретке Нурлан халық алдында сөйлеп тұрған сияқты болып түсіпті. Бірақ алдында ешкім жоқ. Болсада бірер – сараң адам бар шығар. Нурлан өз өзін көрсетіп, үлкен ортада сөйлегенді ұнататын сияқты. Және халық назарында болғысы келеді. Өзінің білімді екенін көрсеткісі келетін сияқты. Ал бұл қасиеті маған ұнамады. Бірақ шынымен ондай қасиеті болса, неге көрсетпеске, көрсетсін. Нурланның инстаграм, вк парақшасындағы фотоларына қарасам суреттерінің 75% костюммен түскен екен. Және көп сөз жазбаған. Ал wordpress блогында мүлдем басқа адам, блогтарын оқысаң бір саясаткер сөйлеп жатқан сияқты. Мықты саясаткерлерді өте жақсы біледі екен, мүмкін соларға ұқсағысы келетін шығар.

Бұл суреттегі Нурланның өзі және оның анасы. Нурланның парақшаларын көре отырып, анасына деген махаббаты ерекше екенін байқадым. Себебі анасымен түскен фотоларды көп салады екен.
Мен нағыз батырға санайтын тұлғалардың бірі Авраам Линкольн деп жазыпты. Авраам Линкольн: «Бір жағы құл, бір жағы азат мемлекет ешқашан өмір сүре алмайды»-деген оймен бар ғұмырың сарп еткен. Нурланға осы сөзі ұнаса керек. Нурлан бұл кісіні батырға санау арқылы тепе-теңдікті жақсы көретінін білдіріп отыр.
Ал енді мен өзім білетін Нурланды сипаттайын. Нурланды ақын десекте болады. Себебі ол әр түрлі тақырыпта өлең жазып, бізге оқып беріп жүреді. Нурлан бір қызға ғашық болсада, бір затты ұнатсада соған арнап өлең шығаратын. Анасына арнап жазған кереметтей өлеңдері бар. Бірақ әлеуметтік желіге бірде – бір өлеңін жазбаған. Неге екнін білмедім. Мысалға инстаграмда анасымен түскен фотолары көп, бірінің астына анасына арнап шығарған өлеңін жазып қойса керемет болар еді. Нурлан өте көп кітап оқиды, кітап жайлы әңгіме көп айтады. Тіпті оны саясаткер деседе болады. Себебі сонау Алаш үкіметінен бастап билікте болғандарды, басшыларды саясаткерлерді өте жақсы біледі. Тек қазақтарды емес, шетелдің қаншама ғұлама ақындарын, билеушілерін жақсы біледі. Және әрқашан өз ойын ашық айтады. Мейлі ол кім болсада. Нурлан бизнеспен айналысам деп жүр. Шамалған бекетінде донер ашам деген ойы бар. Нурлан тарихты біраз зерттеген адам, тарихты өте жақсы біледі. Айналасындағы адамдармен тез тіл табысып кетеді. Қандай тақырыпта болсада әңгіме тауып беретін адамдардың бірі. Сөзге шебер ақындық қасиеті ерекше. Жүлделі орын алмасада айтыс жарыстарына қатысып, біраз өнер көрсеткен жігіт. Мен кейде Нурланды өз заманынан кеш туылған адам деп ойлайм. Себебі 20 ғасыр туралы өте көп айтады, сонау Алаш дәуірінен шыға алмай қалған адам сияқты. Егер Нурлан сол кезде туылғанында, зар заман ақыны аталушы еді. Мүмкін халықтың мұңын шертіп, көш бастап жүрер ме еді. Сол кезде тарихта қалсам деген арманы орындалушы едік. Әлеуметтік желідегі Нурланмен өмірдегі Нурлан мүлдем бір біріне ұқсамайды. Өлең оқудан аузы тынып тапайтын Нурланның әлеуметтік желіде бір-бір өлеңі жоқ, тіпті өлең оқыған видеосыда жоқ. Менің түсінгенім Нурлан әлеуметтік желіге қызықпайды екен. Оқырмандары да 200ге жетпейді. Қызықса ақындығымен біраз адам жинайтын адам ғой. Университетте Смағұлов Ержан деген ағай бар. Нурлан бос уақытын сол ағайдың жанында өткізеді. Ағайға барып өзі жазған өлеңдерін оқып беріп, ағайдың ақыл кеңесін алады. Білімге деген құштарлығына сөз жоқ.
Вконтакте желісінде: 160 досы бар, 105 видеосы бар, 131 өлеңі бар.
Инстаграм: 157 адамға жазылған, 177 оқырманы бар, 13 публикациясы бар.