Таксимен оқиға

Таксистпен оқиға – бұл қызықты тапсырмалардың бірі болды. Мен үшін таксистпен оқиға жазу оңайға түскен жоқ. Жалпы мен күнде оқудан таксимен қайтамын. Бірақ, құлағыма наушникті салып алатынмын, таксисттермен әңгіме айтпаушы едім. Осы тапсырманы орындау барысында әр түрлі таксисттерге жолықтым. Тапсырма бойынша мен бір деталь тауып, сол туралы ақпарат жинауым керек еді. Қызығушылық танытып сұрасам айтады, бірақ қазбалай бастасам айтқысы келмей қалады. Тіпті «не шаруаң бар»,- деп айтқандар да болды. Әрине қазбалап сұрай берсең, кімнің айтқысы келер дисің? Мысалы үшін менде айтпайтын едім, егер қазбалап сұрай берсе. Бірақ менің қуанышыма орай бір таксист ашық әңгіме айтып, менің сұрағымның бәріңе толық жауап берді.

Қазан айының 18 күні, университетте «welcome party» болды. Мен саған қатысып, сағат түнгі 10-нан өте, университеттің алдына шығып такси ұстап тұрған едім. Бір жас жігіт тоқтаты. Таксиде екеумізден басқа адам болмаған еді. Әңгімені мен емес ол бастады. «Осы универде оқисың ба бауырым?» деп сұрады. Өзі 22 – 23 жастар шамасындағы жас жігіт екен. Әңгімеміз сабақ жайлы басталды. Мен таксиге отырған бойдан деталь іздей бастадым. Ерекше ешқандай зат таба алмадым. Қолындағы қол сағатына көзім түсті. Қалайда сағат туралы әңгіме бастау керек болды.

Ойлана келе: сағатың әдемі екен бауырым дедім.

Ол рахмет, бұл мен үшін қымбат сағат, әрқашан тағып жүремін деді. Әңгімеміз жараса кетті.

Ол сағатты оған жақсы көретін қызы сыйлаған екен. Екеуінің кездесіп жүргеніне 1 жыл болғанда, берген сыйлығы екен. Ол қызды қатты жақсы көргендіктен ол сағат, ол үшін ерекше сыйлық. Сағаттың бренді «Rolex». Бұл сыйлықты 2019 жылы тамыздың 15 күні алған екен. Яғни, сағатты тағып жүргеніне 2 ай уақыт болыпты. Таксист жігіт өзінің сүйген қызына үйленбек ойы бар.

Біздің әңгімеміз мұнымен аяқталмады, әрі қарай басқа тақырыпта әңгіме болды. Ол негізі таксист емес , Үшқоңыр ауылындағы досына бара жатыр екен. Жол жөнекей мені ала кетейін деп тоқтаған екен маған.